Жастар – біздің еліміздің күш-қуаты

Опубликовано: 19 Декабрь 2018
на канале: mediastep
108
5

Жастар – біздің еліміздің күш-қуаты. Дәл осы тақырыпта жыл сайынғы жастар форумы ұйымдастырылды. Кездесу қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың қатысумен өткізіліп, жүздесу барысында жастарымыз өз ой-пікірлерін ортаға салды. Толғандырған сауалдарын жолдап, қанағаттандыратын жауаптарға ие болды. Белсенді жастар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Жыл сайын ұйымдастырылатын жастармен кездесу биыл да игі дәстүрін жалғап, белсенді жастарымыздың басын біріктірді. Горняк ОМС-ның кіші залына жиылған колледж студенттері мен мектеп оқушылары ең алдымен шараның негізгі ұйымдастырушысы Жастар ресурстық орталығының жыл бойына атқарылған жұмыстарымен танысты.
Содан кейін қаламыздың дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген белсенді жастарымыз сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Тәжірибелерімен бөлісіп, алға қойған мақсаттарын да айтып өтті. Солардың бірі 29 жасында Ақсу кенті №1 ОМ-нің директоры лауазымына тағайындалған Саят Мұқанов. Еуразия Ұлттық Университетінің түлегі ЖОО-нын тәмәмдаған соң шағын Отанына оралып, өз өлкесінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүр.
Кездесу барысында сөз тізгінін алған орталық аурухана дәрігері, ЕПК Степногорск кәсіпорнының инженер-технологы және мектеп оқушылары да бағындырған белестерін баян етті. Өз өлкеміз бен еліміздің дамуы мен гүлденуіндегі жастардың рөлі жөніндегі ойларымен бөлісті.
Шара жалғасы арнайы марапаттауларға ұласып, онда жастар саясатының жүзеге асуына елеулі көмегін берген белсенді тұрғындарымыз шаһар әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, ерекше қошеметтерге ие болды.
Өзара диалог форматында өткен форумның қорытынды бөлігі – ең қызықты және маңызды кезеңі болды. Қала басшысы бос тұрған ғимараттардың тағдыры (атап айтқанда, бұрынғы әлеуметтік гуманитарлық колледжі мен Ақсу кентіндегі спортзалы) жаңа тұрғын үйлердің құрылысы, кенттерден қалаға дейінгі жолдарды жөндеу және тағы басқа да өзекті мәселелерді жастармен бірге талқылады.
Шаһар әкімі Еркебұлан Баяхметов кездесуді қорытындылай келе, жастарды тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне өз үлесін қоса отырып, қаланың қарқынды дамуы үшін бастамашылық идеялардың жетекшісі болуға шақырды.
Айта кетерлік жайт, бірнеше жылдар бойына игі дәстүрге айналып, жастарымыздың одан әрі белсенді болуға жетелейтін дәл осындай кездесулер келер жылдары да жүзеге аспақ.


Instagram: @mediastep Facebook: Медиа Центр города Степногорска #mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск


Смотрите видео Жастар – біздің еліміздің күш-қуаты онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь mediastep 19 Декабрь 2018, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 108 раз и оно понравилось 5 людям.