Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру аясында нақты тапсырмалар берілді. Сәйкесінше, жаңа өзгерістерге мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек 20 789-теңгеге дейін ұлғайтылмақ.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынып отырған шаралар барысы біршама. Солардың бірі аз қамтылған отбасыларға көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек. Осы ретте өткен 2018 жылы мемлекеттік көмегін алуға 264 отбасы жүгініп, 1000-нан астам тұрғындар қажетті қолдауларға ие болған. 163 азаматтарды еңбекпен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде 30 тұрғын жұмысқа орналасқан. 22-сі қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 14-і адам қысқы мерзімді курстарды аяқтаған және 2 азамат қайтарымсыз арнайы гранттарға ие болған.
Осы ретте айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 14-мыңнан 21-мыңға дейін артқалы отыр және айтулы төлем ай сайын әрбір балаға 18 жасқа дейін, егер студент болса 23 жасқа дейін тағайындалатын көрінеді.
Сонымен бірге, мамандардың ақпаратына сай, алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесі ұйымдастырылып, оның аясында Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын мектептерде тегін тамақтармен қамтамасыз ету жоспарланып отырса керек.
Мұнымен қоса, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың қамқоршыларына берілетін жәрдемақы да 31-мыңнан 41 мыңға дейін артпақ. Ауыл-аймақтардағы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында, жеке кәсіпкерлікті дамыту негізінде қайтарымсыз 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік гранттар беру де көзделуде. Дәл осы азаматтар үшін қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру да жоспарда бар сыңайлы. Жоғарыда келтірілген әлеуметтік бастама аясында еліміздің көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына қамқорлық көрсетіліп, халықтың жалпы әл-ауқатын жоғарылату көзделіп отыр. Осы ретте айта кеткен жөн, толық әрі қосымша ақпарат алу үшін әкімдік ғимаратында орналасқан «Жұмыспен қамту орталығына» жүгінуге болады.
#Степногорск #Stepnogorsk #Stepnogorsknews #Aqmola #СтепногорскНовости #СтепногорскЖаңалықтары #Mediastep
Смотрите видео Атаулы әлеуметтік көмек 20 789 теңгеге дейін ұлғайтылмақ онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь mediastep 15 Март 2019, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 11,795 раз и оно понравилось 30 людям.