«Казбат» көркем фильмі көрсетілімде

Опубликовано: 26 Ноябрь 2019
на канале: mediastep
9,875
90

Көптен күткен «Қазбат» фильмі көпшілікке жол тартты. Ағымдағы аптада қалалық кинотеатрда картинаның жабық көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілімнен бұрын арнайы брифинг өткізіліп, фильм бойынша ақпар берілді. Оның барысына қала әкімінің орынбасары Досхан Әміренов, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Сергей Баранов, арнайы шақырылған меймандар қатысты.

Манат Наукеев, 3517 әскери бөлім командирі:
«Қазбат» көркем фильмі өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында түсірілген. Қазіргі таңда жоғары қауіп төндіріп отырған терроризм және экстремизмнің қоғамда пайда болуына жол бермеу үшінде осындай фильмдердің маңызы орасан. Тарихи оқиға желісіндегі көркем фильм авторы ҚР Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы Руслан Фатихұлы Жақсылықов және Бас қолбасшының орынбасары Мухаметгали Құсайынұлы Сатов.

Тарихи оқиға негізінде таспаланған картина Қазақстан Республикасы тәжік қақтығысында бітімгершілік миссиясына қатысқан 1995 жылдың көктемінде болған оқиғалар туралы баяндайды. 7 сәуір күні Пшихавр шатқалында Қазақстанның ішкі әскерлерінің жетінші жиынтық ротасы тосқауылға тап болып, шектес жағынан содырлармен тең емес соғысты қабылдады. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қаза тапқан 17 жауынгерлердің бесеуі қайтыс болғаннан кейін екінші дәрежелі «Айбын» ордендерімен, он екі азамат – «Әскери ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, олардың барлығы қайтыс болғаннан кейін бірінші дәрежелі «Қызметтегі үздіктік үшін» ресейлік медалімен марапатталған.
Шамамен бір жарым сағатқа созылған кинофильм көпшілік көңілінен шыққан сыңайлы. Себебі қазақстандық батыр жауынгерлердің ерлігі әрбір көрермен көңілінен жол таба білді.
Айта кетейік, «Қазбат» көркем фильмі ағымдағы жылдың 21 қарашасында еліміздің барлық кинотеатрларында прокатқа шықты. Оның телевизиялық нұсқасы "Qazaqstan" телеарнасында 2020 жылдың 7 сәуірінде – шайқастың 25 жылдығына орай көрсетіледі деп жоспарлануда.

#mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск


Смотрите видео «Казбат» көркем фильмі көрсетілімде онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь mediastep 26 Ноябрь 2019, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 9,875 раз и оно понравилось 90 людям.