Қалалық орталық аурухана қызметкерлерінің қатары жаңа мамандармен толықтырылды. Осыған орай адам жанына араша болар болашақ дәрігерлерді салтанатты түрде қызметке арнайы қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.
Адам денсаулығына жоғары жауапкершілікпен қарайтын орталық ауруханада бүгінде 400-ге жуық медицина қызметкерлері еңбектенуде. Ендігі кезекте олардың қатары түрлі профильді тағы 13 мамандармен толықты. Оның ішінде жоғары медициналық білімі бар 5 маман болса, орта медицина білімі бар 8 қызметкер баршылық.
«Жас мамандар жан-жақты және жігерлі жастар. 3 жыл бойына жас мамандарды қабылдау кешін ұйымдастырып, олардың жұмыстарына жаңа серпіліс беруге тырысып бағамыз»,-деп отыр аурухана басшылығы.
Ақ халатты абзал жан мамандығын таңдаған жастар шара барысында ерекше қошеметке бөленді. Оларға арнайы тағайындалған сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.
Дәл осы күні қошемет пен құрмет осы салада табанды еңбек етіп, зейнетке шығып жатқан аға буынға да тиесілі болды. Атап айтсақ, 50 жылдық өмірін адам емдеуге арнаған Карташов Василий ағай мен кардиология бөлімінің аға медбикесі Косбармакова Нұржамал апайға жоғары кәсіби еңбектері үшін әкімшілік атынан алғыс сөздер жария етілді.
Шара жалғасында жас дәрігерлер таңдаған мамандықта адал қызмет етуі жөнінде ант беріп, уәде жасады.
Instagram: @mediastep
Facebook: Медиа Центр города Степногорска
#mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск
Смотрите видео Қалалық орталық аурухана қызметкерлерінің қатары жаңа мамандармен толықтырылды онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь mediastep 03 Декабрь 2018, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 131 раз и оно понравилось 3 людям.