9 сынып 4 тоқсан Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырмалары 12 нұсқа 2 нұсқа

Published: 10 June 2024
on channel: S.A.Y. Easy
164
3

https://t.me/TEGINSORSOCH

9 сынып 4 тоқсан Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырмалары 12 нұсқа 2 нұсқа
А блогы
1. XII ғасырдың басында Алтайдан Дунайға дейінгі бүкіл «Ұлы Далада» үстемдік еткен
А) қарахандар
В) қыпшақтар
С) түргештер
Д) оғыздар
[1]
2. Әскербасы, әкімшілік тұлға, сот сияқты үш міндетті атқарған
А) би
В) батыр
С) хан
Д) сұлтан
[1]
3. Бірнеше еуропалық тілді білуінің арқасында Париж, Лондон,Стамбұлмен Варшаваның үлкен мінбелерінде баяндамалар, талдау, шолулар жасаған
А) Ахмет Байтұрсынов
В) Мұхамеджан Тынышбаев
С) Бақытжан Қаратаев
Д) Мұстафа Шоқай
[1]
4. Қыз ұзату, келін түсіру тойларын салтанатты жағдайда бастайтын ән
А) «Сыңсу»
В) «Жар-жар»
С) «Беташар»
Д) «Той бастар»
[1]
5. Күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш
А) Алаша хан кесенесі
В) Ақыртас ғимараты
С) Жошы хан кесенесі
Д) Айша бибі кесенесі
[1]
6. Абайдан ақыл-кеңес сұрауға келіп тұрған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіреші әрі ақын
A) М.Ж.Көпейұлы
B) Д.Бабатайұлы
C) Шөже ақын
Д) М.Өтемісұлы
[1]
7. . Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармалары қатарына жатпайтын еңбек
A) «Өткен буындардың ескерткіштері»
B) «Азаматтық саясат»
С) «Бақытқа жету туралы»
Д) «Ғылымдардың жіктемесі туралы сөз»
[1]
8. Дала генерал-губернаторлығы құрылды
А) 1886 жылы
В) 1882 жылы
С) 1867 жылы
Д) 1868 жылы
[1]
9. 1858 жылы өз еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдаған батыр
А) Есет Көтібарұлы
В) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
С) Кенесары Қасымұлы
Д) Сырым Датұлы
[1]
10. 1992 жылы болған оқиғаларды ретімен қойыңыз
1) Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
2) «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлық шықты
3) Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы
4) Тәуелсіз Қазақстанның Туы мен Елтаңбасының қабылдануы
А) 1,2,3,4
В) 2,3,4,1
C) 3,4,2,1
Д) 1,2,4,3
[1]
11. Ұлы Отан соғысы басталған кезеңдегі Қазақстанда жүргізілген экономикалық шара
А) жаңа экономикалық саясатты қалпына келтірді
В) нарықтық экономикаға көшу
С) майдан өңірінен кәсіпорындарды Қазақстанға көшіру
Д) Қазақстанның білікті мамандарын басқа республикаға көшіру

[1]
12. Көшпелілер әскери іс-қимылдарын тоқтатты
А) қараша айында
В) желтоқсан айында
С) маусым айында
Д) тамыз айында [1]


13. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды
А) Ақмола
В) Жетісу
С) Верный
Д) Қостанай
[1]
14.Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілді
А) 2015 жылы
В) 2014 жылы
С) 2000 жылы
Д) 2001 жылы
[1]
15. Малшаруашылығы шикізатын өңдейтін кісіпорындардың негізгі ошақтары орналасқан облыстар
А) Ақмола мен Өскемен
В) Ақмола мен Семей
С) Петропавл мен Омбы
Д) Верный мен Жаркет
[1]

Қазақстан тарихынан қорытынды аттестатциялаудың В бөлімі

16. Төмендегі кестені толтырыңыз

Қазақ зиялылары Шығармашылығына деректер келтіріңіз

Ә. Бөкейханов

М. Дулатов

А. Байтұрсынов

Қоғамдық санаға тигізген әсерін бағалаңыз

17. Қазақстанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеңіз.


Берілген логотиптер қандай бағдарлама-ның нышаны екендігін анықтаңыз.

Бағдарламаның қабылданған жылы


Бағдарламаның мақсаты



Бағдарламаның қажеттілігін анықтаңыз


[8]

18. Мәтінді және өз біліміңізді пайдалана отырып 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы мен жетекшілерінің қоғамдағы рөлін талдаңыз.
Амангелді Иманов бастаған көтеріліс: Амангелді Иманов әртүрлі болыстарда кедей халықтан құралған төңкеріс топтарын ұйымдастырады. 1915-1916 жылдары Атбасар, Ырғыз, Қостанай уездерінің қазақтарымен байланыс орнатады. Осы уездердің жігіттерімен көтеріліс жағдайына, қай жерде тоқтауға, байланысты қалай ұстауға, азық-түлікті, оқ-дәрілерді қандай жолмен алуға болатынын уағдаласып, ақылдасады. Осылайша ол казак әскерлері мен қазақ солдаттарының қару-жарақ және адам саны жағындағы айырмашылыққа қарамастан әртүрлі соғыс тактикалары мен айлаларын ұтымды қолдана білді. Бұндай ұтымды соғыс тактикалары Үрпек-Доғал шайқасында, Шошқалы шайқасында айқын көрініс тапқан.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/25891/
Кейкі батыр: Халық арасында «Аманкелді көз мерген, Кейкі қол мерген еді» деген сөз айтылады. Мұның сыры – Аманкелді сардар қай нысананы да көздеп атқан және көздегенін ешқашан мүлт жібермеген болса, Кейкі кез-келген нысананы атпен шауып та жаяу жүгіріп келе жатып та шапшаң атып түсіре беретін нағыз мергеннің өзі болған. Кейкі – Аманкелдімен бірге өсіп, біте қайнасып, жан серігіне айналған жан. Оның ел арасына тарап кеткен «Амангелді қай жақ болса, сол жақтамын» деген сөзі оның сертке адал, уәдеге берік адам екенін және бас сардармен айнымас достығын айғақтаса керек. Кейін 1916 жылы Торғайда ұлт-азаттық көтерілісі басталғанда Кейкі Аманкелдіні і
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 2 тарихи маңызын анықтаңыз.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөлін бағалаңыз.

[3]


Watch video 9 сынып 4 тоқсан Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырмалары 12 нұсқа 2 нұсқа online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user S.A.Y. Easy 10 June 2024, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 16 once and liked it people.