10 сынып 4 тоқсан Қазақ тілі пәнінен Емтихан тапсырмалары 7 нұсқа 1 нұсқа ЖМ бағыты

Published: 28 May 2024
on channel: S.A.Y. Easy
1,549
18

https://t.me/TEGINSORSOCH

10 сынып 4 тоқсан Қазақ тілі пәнінен Емтихан тапсырмалары 7 нұсқа (1 нұсқа) ЖМ бағыты
1-нұсқа
1) Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)
2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өндеп, көтерілген мәселені анықтап баға берініз (0,5 б)
Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоютын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үрдіске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір XXI ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық- мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үрдісті жан-жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор. Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін - прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты. Жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған қоғамымыздың өтпелі кезеңінде ертеңгі болашақ мәдениет, дәстүрлі құндылықтар мен өркениетті құндылықтар, дәстүрлер және жаңартулар, заман талабы мәселелерінің ара-қатынасын шешуде туындайтын сұрақтардың жауабын өткен заманнан, Уақыт пен Тарих шеңберінен іздеу қажет. Қазақ мәдениеті әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда - ерте кезден Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы дала аралында қалыптасты. Орталық Азияның халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірінен бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық жалпыадамзаттық заңдылықтардың динамикасы ағымындағы социомәдени процестерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашылығының ықпалымен қалыптасты. Кейін толық құралып біткен жергілікті, төл (автохтонды) дәстүрлер әртүрлі шекаралас, жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәдени ықпалын бойына сіңіре отырып, қазіргі мәдениеттанымдық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап күрделі және біртұтас феномен – ддәстүрлі мәдени ықпалын бойына сіңіре отырып, қазіргі мәдениеттанымдық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күрделі және біртұтас феномен дәстүрлі этномәдениетті дүниеге әкелді.
Дәстүр мен Жаңашылдық арақатынасы кез-келген ұлттың әлеметтік-мәдени динамикасында, әсіресе транзитті қоғамдарда күрделі және қайшылықты мәселелердің қатарына жатады. Олардың өзара әсерінің негізгі үш формасын айқындауға болады: біріншісі - жаңашылдыққа қарсылық көрсете отырып, оны теріске шығару және ескі тәртіпке сүйену; екіншісі - жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі жаңашылдықты өзгерте отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру.
Егер мәдени Жаңашылдық қоғамға тереңінен сіңіп, ал мемлекет -
2) Жазылым.(3б)
Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе)
«Қазақстандық заманауи мәдениет» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз
Қажетті клишелер: Менің ойымша, мүмкін, әрине, біріншіден, меніңше, атап айтсақ, басқа жағынан қарастырсақ, дәлелдейтін болсақ, қорытындылай келе.
3) Әдеби тіл нормалары. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. (16)
1) Оқылым мәтінінен сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыз (0,56)
1. Синтетикалық:
2. Аналитикалық:
3. Лексика - семантикалық тәсіл:
2) Берілген өлең жолдарын синтаксистік нормаларды сақтай отырып 1 қалыпты
сөйлемге айналдырып жазыңыз (0,5 6)
Жаһандану ақылды да,жүйрік те,
Қаша алмадық,көнбіс ойды кидік те.
Өлеңдегі әріптерім таңқалды.
Цифрлардың қолындағы билікке.
Сапырылысты үміт,күдік оттары,
Кейбіреулер жалқау күнін жоқтады.
Теңіз отыр басқа жаққа көшем деп,
Кейбір өзен демалам деп тоқтады
#СОЧ #СОР #ТЖБ #БЖБ


Watch video 10 сынып 4 тоқсан Қазақ тілі пәнінен Емтихан тапсырмалары 7 нұсқа 1 нұсқа ЖМ бағыты online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user S.A.Y. Easy 28 May 2024, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 1,54 once and liked it 1 people.