Астана, 2023 жылғы 22 маусым. Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.
Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Елге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Watch video Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user Генеральная прокуратура Республики Казахстан 21 June 2023, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 85 once and liked it 0 people.