Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.
Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.
Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.
Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.


Watch video Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user Генеральная прокуратура Республики Казахстан 25 May 2023, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 3,690 once and liked it 2 people.