Телехикаяда басты кейіпкерлер Берік, Қанат, Ерлан және Мәдинаның тағдыры баяндалады. Бұл төрттік – өмірін Отанын қорғау мен әскери қызметке арнаған жас ұшқыш-офицерлер.
Бұлардың әрқайсысының өзінің тағдыр жолы бар. Қанат әскери отбасыдан шыққан. Оның әкесі де ұшқыш болған. Қанат басқаларға осы дәстүрді жалғастырушы екенін дәлелдегісі келеді. Ал Берік дәулетті отбасыда өскен. Кәсіпкер ата-ана баласының таңдауына қарсы. Бірақ ол бұған қарамастан, ата-анасының қайтсе де онымен мақтанғанын қалайды. Ерлан – ұшқыштар академиясын үздік бітірген ауылдан шыққан қарапайым жігіт. Жерлестері оның жетістіктерімен мақтанады, ал үйде қалыңдығы күтеді. Мәдина – жұмыста әріптес жігіттерден кем түспейтін заманауи қыз. Ол кәсіпқой үздік ұшқыш болғысы келеді. Немере сүйгісі келетін оның әкесі басында қызының таңдауына қарсы болғанымен, уақыт өте келе қызымен мақтанатын болады.
Олар ұшқыштарды қайта даярлайтын орталықта сабақ өтеді...
Мақсаты мен таңдауы бір, бірақ тағдыр жолы басқа төрттіктің өмірі қалай өрілер екен? Ұшқыш болу арманына жете ме, әлде отбасылық өмірді таңдай ма?
Смотрите видео «Дала қырандары» телехикаясы. 11-бөлім / Телесериал «Дала кырандары». 11-серия онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь Khabar TV 11 Декабрь 2019, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 340,648 раз и оно понравилось 4.3 тысяч людям.