Отқа май құю туралы

Опубликовано: 01 Январь 1970
на канале: ꜱᴛᴇᴘᴘᴇ ᴅᴀᴅᴅʏ
86
0

Отқа май құю туралы

От пен ошақ – адамды адам еткен –
Оттың нұры, жылуы саналы еткен –
Тым ертеде түркінің ошағына
Ұмай ана Күн нұрын ала жеткен.

От – шаңырақ, отаудың тыныс, жаны,
От – ұрпақтың жалғасар ырыс, бағы.
Түзу ұшса түтіні ошақтардың,
Сол болады өмірдің гүлстаны!

Береке мен молшылық – «май» деген зат.
Маймен қатар тұрады өрлеген бақ.
Отқа майды құйғызса жас келінге,
Бағы ашылып, ісі де оңғарылмақ.

«Май» деген зат – маңызды астың нәрі,
От пен асты сыйласын жастың бәрі.
Оңбайды отты аттаған, асты аттаған,
Мұндайларға тез тиер хақтың кәрі.

Дінге жат деп ең жақсы ұлы ырымды,
Бұл кеселге кейбіреу тез ұрынды.
Салт-дәстүрді ұстанған адамдардың
Ұлы жынды болмайды, қызы мұңды.


Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы тапсырысы бойынша "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі
Өленнің авторы: Әбубікір Қайран
Өлеңді оқыған: Аманан Еңсебайұлы Серіков
Видео: Гафу Студия
МОнтаж: Great steppe production


Смотрите видео Отқа май құю туралы онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь ꜱᴛᴇᴘᴘᴇ ᴅᴀᴅᴅʏ 01 Январь 1970, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 86 раз и оно понравилось 0 людям.