Фильм ― елден жырақ кеткен, бірақ еліне келіп, туған жерінде мүмкіндіктер, артықшылықтар көбейгенін түсінген, Отанын сүйген адам туралы.
Картинаның кейіпкері – Мақсатқа – Еуропада тұрған, оқыған ұнайды. Ол – микробиолог, ауқымды жобалармен айналысатын ірі компанияда қызмет істейді. Мақсат алыстағы туған жерін тек іссапарлар кезінде, маңызды кездесулер барысында ғана ұшақ терезесінен көргенге үйреніп кеткен.
Шалғайдағы ауылда тұратын атасының кенеттен дүние салуы – оның өмірін бір-ақ сәтте басқа арнаға бұрады. Ол мұра боп қалған ат фермасын, жүйрік сәйгүліктерді сатып, ақшаға айналдыру мақсатында еліне оралады. Ауылда жүріп, аз уақыт ішінде туған ауылының тыныс-тіршілігі, тұрмысы өзгергенін байқаған Мақсат, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылық-қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Аружан деген мұғалім қызбен танысады. Ол елдегі жағдайдың өзгергенін байқайды. Еуропалық компаниялар тәрізді, бүгінгі Қазақстанда да қарапайым адамдарға табысқа жету үшін, адал еңбегі арқасында жағдайын жақсарту үшін көп мүмкіндіктер жасалғанын көреді.
Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Көркем фильм» кинокомпаниясының қатысуымен.
Жанры: драма
Қоюшы режиссері: Рашид Сүлейменов
Сценарий авторы: Рашид Сүлейменов
Қоюшы операторы: Матвей Шестаков
Композиторы: Ренат Әубәкіров
Қоюшы суретшілер: Александр Ророкин, Әнуар Еркебай
Дыбыс режиссерлері: Олег Шитов, Сергей Лобанов
Продюсерлер: Рашид Сүлейменов, Ильхам Жалилов, Рустам Азаматов, Кемелбек Ойшыбаев
Актерлер: Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова, Обонна Эндэбуезе, Еркебұлан Дайыров, Сергей Штерн, Саят Мерекеұлы, Сырым Қашқабаев және басқалары.
Смотрите видео «Оралу» көркем фильмі («Дорога домой», реж: Рашид Сүлейменов, 2015 ж.) онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь Qazaqfilm / Казахфильм 12 Декабрь 2020, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 35,663 раз и оно понравилось 408 людям.