Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, Қазақстан халқын құрбан айтпен құттықтады.
Ізгілік пен жасампаздыққа бастайтын мейрамда мұсылман қауым құрбан шалып, дұға тілейді. Бұл – жалпыға ортақ мереке.
Президент Құрбан айт шын мәнінде ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге ықпал еткен айтулы мейрамға айналғанын айтты. Ислам – бірлікке, адамгершілікке үндейтін дін. Осы орайда Елбасы елді татулыққа, имандылыққа шақырды. Барша қазақстандықтардың шаңырақтарына жақсылық тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Құрбан Айт күні қазақ жұрты мейірбандық, туыстық, таныстық, бір-бірімен көрісіп, кешірісіп, бүкіл жұртқа, xалыққа жақсылық тілейді. Отбасының берекесіне, елдің тыныштығы үшін құрбан шалып, намаз оқиды. Соның бәрі Алланың құлағына шалынып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз биыл еліміздің 25 жылдық Тәуелсіздігін атап өтіп жатырмыз. Сол 25 жылдыққа береке-бірліктің арқасында жеттік. Құранда жазылған: «Мұсылман жұрты елді ұлысқа, ұлтқа ешқашан бөлмейді. Барлығы дінді бірдей көреді». Сол бірлік бізді алға қарай алып келе жатыр. Әр уақытта да Алла жар болып, қолдап, еліміздің, қазағымыздың болашағын баянды қылсын.
Қалың ел үшін дұға тілеген Нұрсұлтан Назарбаев жамағатпен де жүздесті. Бүгін Әзірет сұлтан мешітінде кісі қарасы қалың.
Көпшілік құран оқытып, ата салтын жаңғыртып жатыр. Елмен емен-жарқын әңгімелескен Елбасы ислам құндылықтарын айтып, көпшілік қауымды игі амалдар жасауға үндеді.
Смотрите видео Елбасы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь novosti khabar2016 12 Сентябрь 2016, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 1,85 раз и оно понравилось 1 людям.