Құмды шөл далаға саяхат. Батыс Қазақстан облысы

Опубликовано: 18 Декабрь 2020
на канале: Temirlan Mukashev
84,413
8k

10 Қазан күні, Батыс Қазақстан облысындағы, Жаңғала ауданындағы, Мұқыр ауылына қарасты құмға бардым. Видеоны енді салып жатқан себебім 40 күндік әскерде болдым. Ол туралы мен өз инстаграм парақшамымда айтып едім. Жалпы саяхатым туралы ақпараттарды менің инстаграм парақшамнан біле аласыздар.

Батыс Қазақстан облысында, Оралдан шамамен 300 шақырым жерде құмды дала бар екенін біліп, сол жаққа баруды шештім.
Ол жаққа жолды білетін адамдар айтып еді, техникалық жағдайы шамалы машинамен бармаған жөн деп, өйткені жолдары қотыр.
Дегенмен, айтқандарын тыңдамай, өзімнің ескі шаршаған оңдығыммен басып кетіп, жолда тұрып қалдым.
Андай жолдарға дөңгелектері шыдамай қайтсын, шашылып қалды, сол жерде бір неше сағат дөңгелекті жинап, азап шеккенен кейін үйге оралдым.
Сосын бір неше күннен кейін, құмға тағыда барып көрейін дедім, осы жолы сенім артырарлық армяндық сорентомен. Алдын ала супермаркеттен жолға азық алып, келесі таңы құмға аттандым.

www.instagram.com/lanmukashev


Смотрите видео Құмды шөл далаға саяхат. Батыс Қазақстан облысы онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь Temirlan Mukashev 18 Декабрь 2020, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 84,413 раз и оно понравилось 8 тысяч людям.