Жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бизнесін үлкейтемін деген жастарға 2,5% -бен несие алуға мүмкіндік бар!
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген кезде жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.
Несиелеу шарттары:
• Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
• Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
• Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Толық ақпаратты қалалық немесе аудандық жұмыспен қамту орталықтарына немесе “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның жергілікті филиалына жолығу арқылы және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8 775 045 9069 байланыс нөмірі арқылы WHATSAPP желісінен де алуға болады.
https://agrocredit.kz/kz/main/our-act...
Смотрите видео Жастарға арналған 2,5%-дық кредит онлайн без регистрации, длительностью часов минут секунд в хорошем качестве. Это видео добавил пользователь 07 Live - жастар медиа арнасы 12 Июль 2023, не забудьте поделиться им ссылкой с друзьями и знакомыми, на нашем сайте его посмотрели 39 раз и оно понравилось 0 людям.