Интернет иірімдерінде әлеуметтік мәселелер көп қаузалып жатыр. Балаға назар аударып, тәрбие бергеннің орнына қолына смартфон ұстатып, құлақ тыныштығын тілейтін ата-аналардың қылықтары жөнінде айтамын.
Баланы жастан деген бар қазақта. Бірақ бұл нақыл қазіргі заманауи ата-аналар мен өскелең ұрпақтың құлағына да кіріп шықпайтын тәрізді.
Жиырма бірінші ғасыр келіп, жаһан жұрты жаңа технологияларға бет бұрған сәтте, бұрынғы ата-абабымыздың көкейге сіңіріп кеткен тәлім-тәрбиесі ұмыт қалуда.
Күйбең тіршіліктің салдарынан балаға назар аударудан қалған жас папалар мен мамалар түрлі гаджеттерді, телефоннан бастап, компьютерге дейін балаға беріп, құлақ тыныштығын аңсауда. Салдары міне осындай.
Мектеп жасындағы бала ересектерге арналған видеоны көріп отырғаны туралы фейсбуктегі тфай-тфай тобы қатысушысы Нәдира Сәрсенбаева есімді азаматша бөлісті. Ертең көргенін бірге ойнайтын достарымен бөліседі. «Бұл не деген сұмдық?!» деп пікір қалдырған.
Жалпы ата-аналардың жауапсыздығынан биылғы жылдың жартысының өзінде қанша бала көпқабатты үйден құлап, қаза тапты. Суға да кетті. Күйіп те қалды. Ойланарлық жағдай, халайық. Жұрт не дейді? Пікірлерге көшелік.
Facebook Асан: Қазір баланың екінің бірінде смартфон. Тіпті жазу білмейтін бала, дыбыстық «гуглды» қолданып, қалаған видеоны қосып алады. Таң қалмаймын. Қасында отырған азаматша үндемеді ма сонда?
Youtube.com Дэн: Мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауға тиым салынғандай, балаларға да «жайфондар» ғана алып беру керек. Байланыста болса болды ғой!
Facebook Жомарт: Ұят-ай! Интернетке кіруге болатын жасты межелейтін жаңа заң жобасын әзірлеу керек. Мектепке смартфондар кіргізбесін.
Youtube Рос: Қоғам бұзылып барады. Құлағының тыныштығын ойлайтын ессіз ата-аналар көбейді. Бала қайда, тәрбие қайда? Жаға ұстатарлық екен.
Қоғам шынымен өзгеріп бара жатыр.
Watch video Балалардың смартфон ұстауына тыйым салу қажет online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user novosti khabar2016 14 September 2016, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 1,48 once and liked it 1 people.