Игілікті істің бастамасы болған тағы бір жаңа ойын алаңы апта ішінде бой көтерді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған бұл алаң 6 ықшам ауданында орналасқан. Қуанышты сәтті шаһар тұрғындары және мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Еркебұлан Баяхметов те бөлісті. Мұнда сөз алған шаһар басшысы нысанға барынша тиянақты қарау керектігін балаларға ескерте келе, демеушілерге деген алғыс сөздерін де білдірді.
Жасанды газон төселген шағын ойын алаңы заман талабына сай орнатылған. Мұнда бүлдіршіндерге арналған сырғанау төбешіктері, жаттығу турниктері, әткеншектер мен орындықтар орналасқан. Бұл ойын алаңында ата-аналар көңілінен шығып, балалардың уақытын тиімді өткізуіне сеп болады деген үміттеміз.
Салтанатты рәсімді қаламыздың өнерпаздары әсем әндерімен аяқтап, жиылған барша қауымға жағымды көңіл-күй сыйланды. Балаларға арналған мұндай ойын алаңдарының абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасатын көрінеді. Айта кетейік, аталмыш жоба «Kazakhaltyn Tehnology» кәсіпорнының бөлінген қаражаты есебінен жүзеге асырылған жайы бар.
#mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск
Watch video 6 ықшам ауданында жаңа ойын алаңы қолданысқа берілді online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user mediastep 20 September 2019, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 28 once and liked it 0 people.