2020 жыл қалай өтті? Не жоғалттық, не таптық?

Published: 01 January 1970
on channel: Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
23,311
487

Азаттық радиосы тікелей эфирде өткен жылды қортындылайды. 2020 жылы болған маңызды оқиғаларды талқылау үшін Азаттықтың Алматыдағы студиясына бірнеше сарапшы жиналмақ. Олар – журналист Әсем Жәпішева, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт және сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет. Тікелей эфирді Қасым Аманжол жүргізеді.

2020 жылы – әлемдік пандемиядан бастап, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатында күрделі оқиғалар көп болды. 2019 жылдың соңындағы ұшақ апаты, жолаушылар қазасынан бастап, азаматтық қоғам өкілдеріне түрлі қысым, белсенді Дулат Ағаділдің полиция бөлімшесінде қайтыс болуы, Қордайдағы ұлтаралық жанжал, оңтүстіктегі су тасқыны, коронавирус індетінен болған трагедия, наразылықтар мен бірнеше саяси заңның қабылдануы, парламент сайлауының жариялануы т,б елеулі оқиғалар өтті.

Қазақстан қоғамы 2020 жылды қалай өткізді? Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жылға жуық билігінен соң президенттікке келген Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет билігін толық игере алып отыр ма? Халық тұрмысында нендей өзгеріс болды? Пандемия салдарын жеңудегі Ақорда саясаты қаншалықты тиімді жүрді? Президент Тоқаев уәде еткен «еститін үкімет» жұмыс істеді ме? Митинг, сайлау, саяси партиялар туралы «жаңартылған» заңдар жұртқа жақындады ма? Парламент Мәжілісінің 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған сайлауы қалай өтпек? Осы және өзге де сауалдарға студия сарапшылары жауап беріп, ойларын ортаға салмақ.

Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук:   / azattyq  
ВК: https://vk.com/azattyqradiosy
Твиттер:   / azattyqradiosy  
Телеграм: https://telegram.me/azattyq


Watch video 2020 жыл қалай өтті? Не жоғалттық, не таптық? online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user Azattyq TV - Азаттық - Азаттык 01 January 1970, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 23,311 once and liked it 487 people.