Айгүл Қосанова - "Ағады Жайық, ағады"
Әні мен сөзі Илья Жақановтікі
Аудионұсқадан видеоформатқа көшіріліп, бейнеролик түрінде жасалды; 2018ж.
Керіліп Жайық ағады,
Әуезге бөлеп жағаны.
Еске сап айлы кештерді,
Қыз-жігіт кетіп барады,
Тербеліп Жайық ағады,
Толқыны сүйіп жағаны.
Арманы асқақ екі жас,
Алаңсыз күлім қағады
Шайқалып Жайық ағады,
Жұлқылай соғып жағаны.
Өрепки берген жүрегім,
Қайтсе бір тыным табады,
Баяулап Жайық ағады,
Боз мұнар жауып жағаны.
Бар қызық көрген түстей боп,
Ыстық жас жерге тамады.
Watch video Айгүл Қосанова - "Ағады Жайық, ағады" online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user Jupanhan Qyrqynbaiuly 01 October 2020, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 332,344 once and liked it 1 thousand people.