✅Еркежан Абишева
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай жинағандардың бірі Еркежан Абишева қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Ол Кэмбридж кеңесінің халықаралық емтиханын тапсырды. Одан 136 балл жинап Қозыбаев университетінің биология мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша оқуға түсті. Тіпті бейіндік пәндерді ағылшын тілінде тапсырудың өзі қыздың жоғары ұпай жинауына кедергі болмады. Бастапқыда дәрігер мамандығын таңдаған бойжеткеннің педагогикалық жолды таңдауына ата-анасы себепкер болды. Қазір жас талапкер жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде.
.
✅Аяулым Ералхан
Педагогика саласын таңдаған 1 курс студенті Аяулым Ералхан Түркістан облысының тумасы. Биыл "Серпін" бағдарламасы бойынша бірден Қозыбаев университетіне оқуға түсуді жөн көрді. Оның сөзінше оқушылармен жұмыс жасаған игі іс. Анасының жолын қуған бойжеткен, енді болашақта жоғары деңгейлі әрі сапалы білім беретін маман иесі атануды мақсат етіп отыр.
.
✅Аснурия Абдула
Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинаған түлектердің қатарында Аснурия Абдула да бар. Оңтүстік облысынан келген нәзік жанды бірнеше жоғары оқу орындарының қатарынан солтүстікқазақстандық білім ордасын таңдады. Қозыбаев университеті жайлы өз достарынан естіген білім алушыны облысымыздың тарихы сондай-ақ қаламыздың табиғаты тамсандырды. Студенттің айтуынша Манаш Қозыбаев атындағы СКУ білікті де білімді журналист мамандарын даярлап шығарады. Қазіргі таңда Аснурия журналистика кафедрасының 1 курс студенті
Watch video Неге Қозыбаев университетін таңдадыңыз? online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user KUtv 09 September 2021, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 488 once and liked it 9 people.