Сұлулық пен әдемілікке жаны құмар маман иелерінің бірі – суретшілер қауымы

Published: 03 February 2019
on channel: mediastep
612
10

Сұлулық пен әдемілікке жаны құмар маман иелерінің бірі – суретшілер қауымы. Өзіндік ерекшелегімен таңғажайып табиғатты, жарқын порттер мен тың дүниелерді жасап шығаратын өнер адамдарының қатары біздің қаламызда да біршама. Дәл бүгін осы шығармашыл жандар турасында әңгіме өрбітеміз.

Жастайынан сурет салуға қызығатын Альфия Мұқажанова бүгінде декреттік демалысында сүйікті ісін мықтап қолға алған. Оның бұл салаға келуіне ата-аналары өз ықпалын тигізсе, ал сурет салудың қыр-сырын өздігінше үйренген.

2 баланың анасы Альфия үйінде арнайы тапсырыс арқылы өз шығармашылығын шыңдауда. Жан рахаты үшін сүйікті ісімен айналысатын кейіпкеріміз қазірдің өзінде 100-ге жуық туындаларына өң беріп, тұтынушыларын қуантқан жайы бар.

Степногорск қаласында туып-өскен кейіпкеріміз тұрғылықты мекен-жайын басқа жерге ауыстыруды жоспарламайтын көрінеді. Себебі шағын шаһар өз сұлулығымен әр жанды тәнті етпей қоймасы сөзсіз.

Біздің келесі кейіпкеріміз №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының бейнелеу пәнінің оқытушысы Қуандық Данияров. Ұлағатты ұстаз жыл сайын тәлім алушыларына қуаныш сыйлау мақсатында қыстың басты кейіпкерлерінің мүсіндерін жасайтын болса керек. Игілікті бастама соңғы 6 жыл ішінде жақсы дәстүрге айналған.

Мектеп ұжымында бірнеше жылдар бойына еңбектеніп келе жатқан Данияр Қуандықов өзінің тәлім алушыларына сурет салудың қыр-сырын танытып, олардың қабілеттерін одан әрі шыңдау бағытында жұмыс жасап келуде. Себебі, оның пікірінше, суретші болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандық болса керек.

Өз қызметіне адал бола білген ұстаздар қауымының тағы бірі – қалалық сурет мектебінің мұғалімі Ирина Назаренко.

Дәл осындай өз ісінің мамандарынан тәлім алатын жастарымыз талай белестерді бағындырып келуде. Олар облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі сайыстарда бағын сынап, жүлделі орындарға да ие болған жайы бар. Соңғы байқау халықаралық деңгейде еңбекті қорғау тақырыбына бағышталған.

Сурет мектебінің мақтанышына айналған тағы бір кейіпкеріміз келешекте дәл осы бағытта оқытушы болуды армандайтын көрінеді.

Көріп тұрғандай, бүгінгі бағдарламаның барлық кейіпкерлерін біріктіретін ұлы күш – ол өнер мен туған еліне деген сүйіспеншілік. Сол себептенде болар, Степногорск шаһары өндірістік қана емес, нағыз шығармашыл жандар тоғысқан мекен десек қателеспеспіз.

#Степногорск #Stepnogorsk #Stepnogorsknews #Aqmola #СтепногорскНовости #СтепногорскЖаңалықтары #Mediastep


Watch video Сұлулық пен әдемілікке жаны құмар маман иелерінің бірі – суретшілер қауымы online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user mediastep 03 February 2019, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 612 once and liked it 10 people.