Вице-премьер Алтай Көлгінов БҚО-да тұрғындармен, жастармен жүздесті

Published: 08 May 2023
on channel: 07 Live - жастар медиа арнасы
21
0

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен, жастармен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Алтай Көлгінов ауылдық жерлерге жетіспейтін мамандарды жіберу, оларды баспанамен қамту және басқа мәселелер төңірегінде жастармен кеңесті.
Премьер-министрдің орынбасары қазіргі уақытта шағын несие беру бағытында министрлік тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, қомақты қаржы бөлініп отырғанын жеткізді.
«Осы бағдарлама жергілікті жастарға жетіп жатыр ма, қандай ұсыныстар бар, соны білуге келдік», - деді А.Көлгінов.
Бұдан кейін жастар ұйымдарының өкілдері сөз алып, спортпен айналысу, жаңа жобаларды қолға алу, бос уақытты ұйымдастыру бағытында өз тәжірибе, пікірлерін бөлісті.
Осындай мазмұндағы тұрғындармен кездесу Теректі ауданында да болып, Премьер-министрдің орынбасары жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысымен танысты.
Алтай Көлгінов сондай-ақ Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округіне қарасты Жалын ауылында бой көтеріп жатқан тоғызжылдық мектеп құрылысы басында да болды.

Биылғы ақпан айында басталған шағын жинақты мектепті жаңа оқу жылына дейін бітіру көзделуде.
Мұнда 60-тан астам адам жұмыс істеп жатса, соның ішінде жергілікті тұрғындар да бар.
Ірі панельді 54 орындық мектептің құрылысын оралдық «KazConstructionGroup» ЖШС жүргізуде. Тапсырыс беруші –ҚПО б.в. компаниясы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасын арттыру мәселесін ұдайы назарда ұстап отыр. Күні бүгін республика бойынша 143 үш ауысымды және 52 апатты мектеп бар. Бұл мәселе үш жылдың ішінде шешімін табуы тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдауды тиімді пайдаланып, істі сапалы орындауымыз керек. Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық салада қордаланған мәселелердің жай-жапсарын білу мақсатында өңірге бес министрдің орынбасарлары да келді.
Бірлесіп өзекті деген проблемаларды талқыладық. Олар – білім сапасы, интернет мәселесі, педагог кадрлардың тапшылығы, аудандарда медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеуі, барының өзі елу пайызға жуық тозғандығы. Айту керек, биыл және келесі жылы елімізде 50 амбулатория мен медпункт салынбақшы. Бұл – ауылдық жердегі медицинаны дамытуға және оның қызмет сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың бір парасы. Екі ауданаралық аурухананы күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарда тұр. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту да басты назарда. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша облысқа 2,5 пайызбен 6,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Осындай қолдаудың нәтижесінде ауылдағы ағайын кәсібін ашып, тұрмыс жағдайын жақсарта алады», - деді Алтай Көлгінов.


Watch video Вице-премьер Алтай Көлгінов БҚО-да тұрғындармен, жастармен жүздесті online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user 07 Live - жастар медиа арнасы 08 May 2023, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 21 once and liked it 0 people.