Ұлы мұратымыз - салт-дәстүріміз! Наурыз мерекесінің карсаңында «Қуырдақтың көкесі» кафесі " Ұлы дала тағамдары және қолөнері" атты кеш өткізді. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан, атадан балаға мирас болған дәстүрлер өз жалғасын тапты. Басқосуда қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық өнері: -басқұр тоқу; -құрт қайнату; -көмбе тағамдарын пісіру; -қой сүтінен қорықтық пісіру, сияқты дәстурлеріміз көрсетілді. Сонымен қатар кеш концерттік бағдарламаға ұласып, қазағымыздың әндері орындалып, ұлттық музыкалық аспаптарымыз: домбыра, сыбызғы, саз-сырнай жетіген және қобызда әсем әуендер халыққа тарту етілді. Ерекше кешке келген әр қонаққа жылқы мен сиыр етінен қонақ қуырдақ, қымыз, шұбат, ыстық таба нан, буырсақ, шәй ұсынылды. Еліміздің ұлы мұраты - салт-дәстүрімізді әрқашанда қадірлеп жүрейік.
/ greatnomads
Watch video Ұлы дала тағамдары және қолөнері online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user ꜱᴛᴇᴘᴘᴇ ᴅᴀᴅᴅʏ 06 June 2017, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 40 once and liked it 1 people.