Марат Отаралиев "Перзентімін даланың"

Published: 01 January 1970
on channel: Rasty
1,153
13

«Мен дүние сұлулығына, табиғатқа керемет ғашық екенмін. Менің тентегімнің өзі бұлақтың, самалдың тентектігі сияқты» деп ақынның өзінің қарасөзімен басталатын бұл сөзіннен ақын Отанына адал екенін, туған даласының шынайы перзенті болғанын дәлелдейді.
Шырқайды таңнан тал әнін,
Өмір дос көкшіл көктеммен.
Дүние –ай, осы даланың,
Бұлбұлы болып кетсем мен- дей отырып ақын өлеңде туған даласының арайлы таңын, көгілдір көктемін, жазиралы кең даланың өзін әнші бұлбұлына теңеген. Табиғаттың сұлулығын қыздың сұлулығына нәзіктігіне баулыған. Ақынның бейнесі, болмысы оның өлең жолдарында айқын көрініп тұр. Өз Отанынның шынайы перзенті «От шашып өткен өр кеуде» болғанын ұқтым.
«Бұл өлең 1964 жылы 19 сәуір «Таң Шолпан» журналында жарыққа шыққан. Осыған орай, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, композитор, өнертанушы ұстаз Мәдір Қуандық былайша ойтолғайды. «Ертеректе аяулы ағамыздың бір топ өлеңі мен жазған хаттары «Жалын» журналында жарық көрді. Өлеңдер ерекше әсер еткен болуы керек, артынша «Тағдырмын ерте жоғалған» кішкене графикалық композиция өмірге келді (1994-1999) Сол тұста Ағаның «Шырқайды таңнан тал әнін, Өмір дос көкшіл көктеммен, Дүние-ай осы даланың,Бұлбұлы болып кетсем мен»-деп келетін өлеңіне ән де жаздым.Талантты ақын бауырым, марқұм Нұрлан Қосымбаевпен кеңесе отырып әннің атауын «Перзентімін даланың» деп қойдық. Бұл шығарманы ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов орындайды.»


Watch video Марат Отаралиев "Перзентімін даланың" online without registration, duration hours minute second in high quality. This video was added by user Rasty 01 January 1970, don't forget to share it with your friends and acquaintances, it has been viewed on our site 1,153 once and liked it 13 people.